Ерлан Қошанов: Кәсіпорындарды жаңғырту кезінде адамдар жұмыстан шығарылмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңір аумағындағы ірі кәсіпорындарды жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз ірі компанияларды жаңғырту еңбек ресурстарының ағылуына әкеліп соғатынын біліп отырмыз. Соған байланысты дайындығымыз да бар. Біз бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен біршама талқыладық. Мәлімдегім келгені: кәсіпорындарды жаңғырту себебінен адамдарды жаппай жұмыстан шығару  көзделіп отырған жоқ», - деді Ерлан Қошанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен бірге, аймақ басшысы жаңа зауыт құрылысын жүргізу бойынша жоба іске асқалы жатқанын атап өтті.

«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорыны «ақылды карьер» жүйесін енгізгелі жатыр. Көмір разрезі өнімділікті жылына 11 млн тоннаға жеткізіп, көмірді қайта өңдеу басталды. Мұнда қуаттылығы 570 мың тонналық арнайы кокс өндірісі бойынша жаңа зауыт салу жобасы қолға алынады», - дейді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімі Жайрем кентіндегі тау-кен комбинатының құрылыс туралы айтып берді.

«Жобаның құны - 100 млрд теңге. Бұл комбинат - еліміздегі ең озық технологиялар бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорын болады. Серіктес ретінде әлемге әйгілі Glencore компаниясы жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар