Ерлан Қошанов әлеуметтік дәріханалар ашуды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда жеңілдікпен берілетін дәрілер жетіспеушілігі шешіледі. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық отырыста Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті, деп жазады әкімдіктің сайты.

«Дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша үнемдеу есебінен біз 383 млн теңгені сақтап қалдық», - деді ол. Бұл мәселені біз Денсаулық сақтау министрлігімен талқыладық. Қазір біз бұл қаражатты бүгінде аса қиын болып тұрған мәселе диабетке қасы дәрілерді сатып алу үшін бөліп жатырмыз. Онан соң ағзаларды ауыстыруда қажетті дәрілерді сатып аламыз, себебі ондай дәрілерді үнемі қабылдауы керек науқастар саны артуда. Қалған қаражатты біз ревматозды артрит, Крон ауруы, ишемиялық аурулар, жоғарғы қан қысымы мен аритмияға қарсы препараттарды сатып алу үшін жұмсамақпыз», - деді жиында Ержан Нұрлыбаев.

Дәрілердің жаңа партиясы қазан айының басында түседі.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Денсаулық сақтау басқармасына коммерциялық дәріханалардағы дәрілік препараттарға мониторинг жүргізуді, және де облыста қосымша әлеуметтік дәріханаларды ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар