Ерлан Біләлов соттан мемлекеттік наградаларынан айырмауын сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпталған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлов соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен қазір өте ауыр жағдайларды басымнан өткеріп жатырмын, қатты өкінетінімді де айттым, оны бәрі біледі. Менің денсаулығым мен отбасылық және қаржылық жағдайымды назарға алуыңызды сұраймын. Айыппұл мөлшерін азайтуыңызды сұраймын. Бұл менің шамам келмейтін өте ауыр жаза. Әрине, айыппұл түріндегі жазаны өтеуге дайынмын, менің сізден сұрайтыным, таза маңдай теріммен қол жеткізген мемлекеттік наградаларымнан айыру туралы қосымша  жаза қолданбауыңызды өтінемін. Жастар одағының лауреты сыйлығы маған 2003 жылы, анамның қазасынан кейін берілген. Бұл мен үшін ары қарай өмір сүріп, театр сахнасында өнер көрсетуіме демеу болды.  Мен үш жыл бойы өз-өзіме келе алмадым. Бұл сыйлық маған күш берді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері сыйлығына әкемнің қазасынан кейін қол жеткіздім. 25 жыл бойы осы театрда қызмет еттім, бұл марапаттар маған өзімнің адал еңбегім арқылы келген. Мен шығармашылық адамы ретінде өлмеуім үшін наградаларымнан айырмауыңызды сұраймын. Қант диабеті мен қан қысымы менің алға адымдауыма кедергі келтіріп тұрған аурулар. Мен өз ісіме өкінемін. Мен қателестім. Менің жағдайыма түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Бәріміз де пендеміз. Күндердің бір күнінде кез келгеніміз қателесуіміз мүмкін»,-деді Ерлан Біләлов.

Айыпталушы соттан істің обьективті түрде қаралуын сұрады. 

Соңғы жаңалықтар