Еріккеннің ермегі: « Жалған бомба» үшін үш жылға түрмеге қамалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәтпаев қаласының сотында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы 29 желтоқсанда Е. есімді азамат Сәтпаев қаласының орталық аллеясында арақ ішкен. Сол жерде отырғанда оған терроризм әрекеті жайында жалған ақпарат беру туралы ой келеді. Содан көп ойланбай, ұялы телефонмен 101 нөмірі арқылы қаланың өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, «Престиж» дүкенінде бомба бар» деп, телефонын тастай салады. Бірақ аталған ақпарат расталмады.

"Сот шешіміне сәйкес, Е. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Аталған мерзімді ол қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми xабарламада.

Соңғы жаңалықтар