Ерік Сұлтанов ардагерлерді құттықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қарттар күні мерекесінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов соғыс ардагерлері Сұлтан Мұхамеджанов пен Георгий Герасимовтың үйінде болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, құнды сыйлықтар табыс етті. Қарттармен болған әңгіме барысында облыс басшысы аймақта болып жатқан өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ардагерлер болса өңірде болып жатқан істердің барлығын қадағалап отырғандықтарын айтып, өздеріне көңіл бөлінгендері үшін ризашылықтарын білдірді. 

«Сіздер елдің болашағы үшін көп еңбек еттіңіздер. Сіздер алып берген жеңістің арқасында біз бүгін тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз», - деді Ерік Сұлтанов. 

Соңғы жаңалықтар