Ерік Сұлтанов әлеуметтік қорғау қызметкерлерін құттықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Кәсіби мереке құрметіне СҚО әлеуметтік қорғау қызметкерлері жиналды. Шараға өңір әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Ең мәртебелі мамандықтың бірі саналатын сала өкілдерін құттықтаған өңір басшысы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қалыптастыру Қазақстанның гүлденуімен қатар жүзеге асқанын атап өтті.

Біздің өңірде халықтың осал тобын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік, салалық бағдарламалар іске асырылуда. Соңғы 10 жылда әлеуметтік саланы мемлекеттік қаржыландыру 3 есеге артты. Арнайы қызметтер кешенін көрсететін әлеуметтік нысандар саны артты. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған 4 жаңа медико-әлеуметтік мекеме, 2 күндізгі бөлімше ашылды. Үйде күтім жасау бөлімшелері 2 есеге көбейді», - деді Ерік Сұлтанов.

null  

Бүгінде СҚО-да 47 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, 4 мыңнан астам адамға үйінде көмек алады. Өңірде «Әлеуметтік такси» жұмыс істейді. Әлеуметтік қорғау саласында 2 мыңнан астам маман қызмет етеді. Көп жылғы адал еңбегі, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға қомақты үлес қосқан 12 адам әкімнің Құрмет грамотасымен, тағы 7-еуі алғыс хаттармен марапатталды.

null  

Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуге жеке үлес қосқаны, адал еңбегі үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен   «Әлеуметтiк еңбек саласының үздiгi» төс белгісімен 8  адам  марапатталды. ДСӘДМ құрмет грамоталарын 5 адам алды,    салтанатты шара концертке ұласты.

null null null  

 

Соңғы жаңалықтар