Ережесіз жекпе-жек: Стипе Миочич чемпиондық атағын тағы қорғап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Ережесіз жекпе-жектен UFC нұсқасы бойынша американдық Стипе Миочич чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стипе Миочич бұл жолғы жекпе-жегін Франция атынан бәсекеге түскен жас пері Франсис Нганнуге қарсы өткізді. Бұған дейінгі алты кездесуінде қарсыластарын сұлатып салған Нганну жарыс алдында да «Миочичты бірінші раунда құлатамын» деген болатын. Бес раунда созылған жекпе-жекте қазіргі чемпион  Миочич қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

Ережесіз жекпе-жектің осы нұсқасының тарихында бұған дейін чемпиондық атағын үш мәрте қорғаған спортшы болмаған еді. Тегі хорваттық бүгінде Америкада тұратын Стипе атағын үшінші рет қорғап, рекорд орнатты.

Соңғы жаңалықтар