Ереванда Қазақстан футболшылары мінген ұшақтағы ақаудың себебі анықталды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ұшағы ұшқан сәттен кейін бірден Ереванның Звартноц әуежайына шұғыл қайта қонуға мәжбүр болды.

Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының медиа-офицері  Ербол Қайыров өз твиттерінде Қазақстан құрамасы мінген ұшақ Ереванға қайта қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған. Оған шассидің ақауы себеп болған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан құрамасының футболшылары мінген чартерлік рейстің ұшуы Ереван уақыты бойынша 27 наурыз күні сағат 00.30-ға белгіленді. Ұшуды «Северсталь» әуе компаниясы жүзеге асырады. Алайда, іс жүзінде борт әуежайдан 1.13-те ұшып шықты.

Ұшырылым кезінде шассиден ақау байқалды. Қауіпсіздік шараларын ескеріп, сағат 2.46-да ұшақ әуежайға қайта қонды.

«Рейс 27 наурызда 16.00-де қайта ұшады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне азаматтық авиация бас басқармасының баспасөз хатшысы Сатеник Ованнисян.

Ведомствода сондай-ақ оқиғаға байланысты қызмет көрсетуші авиакомпания Ереванға басқа борт жіберілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар