Ереванда Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-21 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл толуына орай Ереван қаласындағы «Мәскеу» кинотеатрында Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Аталмыш мәдени-іс шеңбері аясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі. 


Ереван қаласында өтетін Қазақ киносы апталығы Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі желісі бойынша түсірілген режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмімен ашылды. Фильмді армян көрермендеріне басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов таныстырды. 
Аталған жобаның негізгі мақсаты - кинематография саласындағы екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ армян көрермендерін Қазақстанның қазіргі киносымен таныстыру.
Мәдени іс-шара барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған басқа да фильмдер көрсетіледі, олар: режиссер Рүстем Әбдіраштың «Сталинге сыйлық» (19 қыркүйек) және «Балалық шағымның аспаны» (20 қыркүйек) фильмдері, режиссерлер үлкен Сергей Бодров, Талғат Теменов және Иван Пассердің «Көшпенділер» (21 қыркүйек). Қазақ киносы апталығы 22 қыркүйей күні Эльдор Уразбаевтың «Транссібір экспресі» фильмімен аяқталады. 
Фильмдер орыс тілінде, «Мәскеу» кинотеатрында күнде сағат  19:00 көрсетілетін болады. Кіру тегін. 

 

Соңғы жаңалықтар