Эр-Рияд әуежайында асқазанына есірткі салып тасыған жолаушы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эр-Рияд әуежайында жолаушы 1 келіге жуық героин есірткісін асқазанына салып, оны алып өтпек болған. Алайда шекарашылар қылмыскерді құрықтады. Бұл туралы «Хабар 24» жергілікті «Әл-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Кеден директоры Султан әл-Фахидтің хабарлауынша, келіп жеткен рейстің жолаушысы тексеру кезінде күдік тудырған.

«Оны жеке тексеруден өткізу барысында асқазанына 110 капсула героин есірткісін салып алғаны белгілі болды. Қылмыскерге қатысты қажетті шара қолға алынды», - деп мәлімдеді директор.

Әзірге рейстің қай елден және ұсталған адамның қай ел азаматы екені нақты айтылмайды. Айта кетейік, Сауд Арабиясында есірткі заттарын қолданған, оны сақтаған және саудалаған адамға өлім жазасы тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар