Ер адамды кастрациялаған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ер адамды кастрациялаған әйел 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Судья кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Кепіл төленді және соған сәйкес оны ұстағаннан кейін қайтадан босатты. Іс 106-баптың (ҚР Қылмыстық кодексі) 2 бөлігінің 3 және 4 тармақтары бойынша жүргізілуде», - дейді ол.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес, дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан, аса қатыгездікпен жасалған іс-әрекет үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Естеріңізге сал кетсек, қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Кейінірек қансыраған жігітті өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды.

Кеше аталған оқиға бойынша сот талқылауы қайта жалғасты. Аталған оқиғаға қатысты күдікті ретінде айыпталушы әйел сот отырысына туыстарымен және адвокатымен бірге келді.

 

Соңғы жаңалықтар