Ер адамдар балалардың ойыншығына бола жаға жыртысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бірнеше ер адам балалардың ойыншығына бола төбелесіп қалды, деп жазады Daily Mail . 

Оқиға Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында болған. Ересектер арасындағы төбелесті бейнелейтін видеоны Youku порталы жариялады. 


Бейнежазбадан бірнеше ер адамның балалар алаңында жаға жыртысып жатқанын байқауға болады. Кейін белгілі болғандай, ер адамдар төбелесіне олардың балаларының ойыншыққа таласып қалуы себеп болған.

Біраз уақыт өткеннен кейін сауда орталығының күзетшілері келіп төбелесті тоқтатқан. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар