ЕО кедендік бақылауындағы жаңа жүйе 2020 жылға қарай іске қосылады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО кеңесі бүгін Шенген аймағының ішкі шекарасына кіру және шығу тіркелімдеріне жаңа жүйе енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кіру және шығу жүйесі Шенген аумағының ішкі шекарасымен қиылысатын ЕО-ға кірмеген елдердің азаматтары туралы ақпараттарды тіркеп отырады. Ол шекарадағы тексерулерді жылдамдатып, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жаңа жүйе Шенген кеңістігі аумағында болуға рұқсат етілген мерзімінен асып кеткен тұлғалардың сәйкестендіруін  нақты әрі жүйелі түрде  жүзеге асырады. Бұдан өзге,  мұндай жүйені енгізу ЕО-ның ішкі қауіпсіздігін нығайтуға және шекарадан өткендердің әрекеттері жайлы мәліметтерге құқық қорғау құрылымдарына рұқсат бере отырып, терроризммен күресті нығайтуға бағытталған.

Кіру және шығу тіркелімдерінің жаңа жүйесі 2020 жылға қарай енгізіледі деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар