Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері жанармай импорттауды күшейтуге келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігі  және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп қазан айында жанар-жағармай импортын ынталандыруға қатысты ортақ ұстанымға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

4 қазанда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің қатысуымен өткен жиналыста осындай келісімге қол жеткізілді. Осылайша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнаманың сақталуын қадағалау барысында жанармайдың сатып алу бағасын ескереді, оның ішінде жанармай саудалау нарығындағы субъектілерге тең жағдайда ықпал ететін импортталған мұнай өнімдері де бар.

Бұл шешім нарыққа қатысушылардың жанармайды импорттауға қатысты жұмыстарының белсенділігін арттырады.

Сонымен қатар, энергетика министрі, ТМРБжТҚҚК, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ төрағалары, ірі ЖҚБ желілері, ірі ЖЖМ көтерме саудалаушылар қатысқан жиында өндіру және тұтыну теңдігіне қарай қазан айында 120-150 мың тонна көлемінде Аи-92 маркілі бензин импорттау көзделіп отырылғаны аталып өтілді. Ол көлемнің 100 мың тоннасы ірі ЖҚБ желілері үлесіне тиесілі.

Басқосуда компанияларға белгіленген жоспарға сай импортты қамтамасыз ету, зауыттарға ЖЖМ қоры төмен деңгейдегі ЖҚБ желілеріне жөнелтуге басымдық беруге ұсыным жасалды.

Энергетика министрлігі РФ-ның Энергетика министрлігі арқылы Аи-92 маркілі бензин импортына қажетті өзара іс-қимыл жасасуды жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар