Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларды қолдаудың жүйелі шараларын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау үшін бірқатар жүйелі шараларды ұсынып отыр. Бұл туралы аталған ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Еліміздің мұнай-газ секторының дамуын ынталандыру үшін министрлік Жер қойнауы туралы кодексі және Салық кодексі жобаларына жүйелі шараларды ұсынды. Бірінші кодексте жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жеңілдету қадамдары ескерілген»,-деп тоқталды министр Қанат Бозымбаев.

Осы орайда ол құқықтық және экономикалық сараптама қысқаратынын жеткізді.

«Біз қор (пайдалы қазбалар қоры) бойынша есептіліктің халықаралық жүйесін енгізбекпіз. Бұл тұрғыда әкімшілік кедергілер жойып, базалық жобалау құжаттар тізімін қысқартамыз, сонымен қатар бөлек рұқсатнамаларды алып тастап, құжаттарды қарастыру рәсімдері мен мерзімін азайтамыз», -деп нақтылады Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін тиісті учаскеде жер қойнауын пайдалануға ниетті кәсіпкер Энергетика министрлігіне өтінім беруі керек. Бұл ретте учаске бір айлық мерзімде бәссаудаға шығарылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, салықтарды азайту бойынша нормалар аясында барлауға келісімшарт пен өндіруге келісімшарт арасындағы салықтық шекараны жою, коммерциялық анықтау бонусын тоқтату, 6 мың метрден астам терең кен орындары мен теңіз жобалары үшін жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін алып тастау және қаржы нәтижесі салығына көшу сияқты басқа да қадамдар қамтылған.

Министрдің пайымынша, аталған шаралар минералдық шикізат қорын кеңейту мен геологиялық барлауды белсенді жүргізу бойынша қойылып отырған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар