Енді пайдаланылмайтын жол полицейлерінің алатаяқтары қайда жіберіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі келесі жылдан бастап жол полицейлерінің алатаяқтары қайда жіберілетіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қолданыстағы таяқшалар Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне өткізіліп, сақталады. Яғни, бүгінге дейін қанша таяқша берілсе, соның барлығы қайтарылады»,- ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Еркін Мүсілімов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ішкі істер министрлігі органдары жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу әдісіне толықтай көшті. Осы орайда жаяу жүрген полицейлер енді көліктерді тоқтатпайды. Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады.

Мүсілімовтың сөзіне қарағанда, бұл шаралары қабылдауға барлық жерлерде фото және бейнетіркеудің енгізілуі ықпал етіп отыр. Көліктерді тоқтату патрульдік машиналарда орналасқан арнайы дыбыс және жарық белгілері арқылы іске асырылады.

«Ерекше жағдайда, яғни ЖКО, төтенше жағдай, кептеліс кезінде көлік құралдары қол қимылымен, бір мезгілде ысқырық арқылы тоқтататын болады. Осындай талап шетелдердегі озық тәжірибелерді ескере отырып енгізілді»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар