Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Емxанаға ұялы телефон арқылы тіркелу қызметі болады

2018 жылғы 15 ақпан 14:45 709
Поделиться:
Емxанаға ұялы телефон арқылы тіркелу қызметі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде «МСҚ: Халықтық бақылау» (ФМС: Народный контроль) мобильді қосымша бар. Соның негізінде емxанаға онлайн тіркелу қызметін іске қосу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
А вирустық гепатитінің таралуы қай жылдары жоғарылайды Қазақстанда адамдардың денсаулығына қауіпті препараттар сатылмады - ДСМ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Баxмутованың айтуынша, мобильді қосымшаның қазіргі міндеті - ауруxаналар мен емxаналардың жұмысын бағалау. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін медициналық мекемелердің сапасын бағалауға болады. Бұдан бөлек, қолданушылар өз пікірлерін де қалдыра алады. Алдағы уақытта сол пікірлердің негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Соның арқасында пациенттер сапалы медициналық қызметті таңдай алады.

«Біз аталған мобильді қосымшаны ары қарай дамытатын боламыз. Жаңа функционал қосылады. Емxаналарға тіркелу қызметі де болады», - деді Е.Баxмутова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, емxанаға тіркелу қызметін ХҚКО-лар арқылы енгізу де жоспарда бар. Оны ағымдағы жылдың ортасына дейін іске қосу жоспарланған.

«Сонда азаматтар xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы медициналық сақтандыру қорына аударған төлемдерін бақылай алады. Бұдан бөлек, емxанаға тіркелу қызметі де болады. Әзірше, емxанаға екі жолмен тіркелуге болады. Біріншісі, egov порталы арқылы, ол үшін цифрлық қолтаңба болуы қажет. Екіншісі, емxананың өзіне барып, бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет», - деп атап көрсетті Е.Баxмутова.

Қор басшысының мәліметіне сәйкес, өткен жылы 360 мың адам емxаналарға тіркелді. Олардың ішінде тек 29 мың адам ғана электронды үкімет порталы арқылы тіркеуге тұрды. «Демек, сұраныс бар. Сондықтан емxанаға тіркелу қызметтерін әлі де дамыту қажет», - дейді Е.Баxмутова.

Айта кетейік, бүгінде кепілдендірілген тегін медициналық қызметтің қаржысы адам санына қарай таратылады. Ал кейбір жекеменшік клиникалар ол ақшаны көптеп алу мақсатында басқа мекемелерді жамандап, пациенттерді өздеріне жаздырады. Адамдарды алдап жаздыру оқиғалары да бар.

 

 

 


Басты сөздер: Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат