Эмманюэль Макрон мен Марин Ле Пен Франциядағы президенттік сайлауда екінші турға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Алға" қозғалысының негізін қалаушы, бұрынғы экономика министрі Эмманюэль Макрон және "Ұлттық майдан" көшбасшысы Марин Ле Пен жексенбі күні өткен президенттік сайлаудың бірінші турындағы жеңістерін тойлады.

Франция ІІМ жариялаған алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 97% бюллетеннің есеп қорытындысы бойынша, 23,86% дауыс жинаған Макрон көш бастап тұр, ал Марин Ле Пен - 21,45%  нәтижесімен екінші орында.

Дүйсенбі күні екі кандидат - Эмманюэль Макрон мен Марин Ле Пен арасында сайлауалды науқанның жаңа кезеңі ресми түрде басталады. Шешуші дауыс беру заңға сәйкес, алғашқы турдан екі апта өткен соң - 7 мамыр, жексенбі күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар