Елжан Біртанов медициналық оқу орындарының брендін қалыптастыруды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық білім беруді қалай дамыту қажеттігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жұмыс беруші бірінші кезекте маманның дипломына баса назар аударады.

«Еңбек нарығындағы бәсекелестік ЖОО абыройына тікелей байланысты. ЖОО бренді болашақта үлкен рөл ойнайтын болады. Бүгінде шетелдік студенттердің саны бойыша біздің оқу орындарының көрсеткіші жоғары. Кейбірінде 15 пайызға жетеді.  Үндістан, Пәкістан, Таяу Шығыс және Африкадан студенттер бар. Сыртқа білім экспорттау өте жақсы», - деді министр «Стратегиялық серіктестік - медициналық білім беруді жаңғыртудың жолы» тақырыбындағы конференцияда.  

Ведомство басшысы атап өткендей, шетелдік студенттерді оқыту үлкен жауапкершілік, өйткені студенттердің жұмысынан Қазақстандағы медициналық көмек деңгейі көрінетін болады.

«Бүгінде Үкімет ЖОО-ларға барынша дербестік беруге тырысады. Мемлекет оқу орнын құрады, инвестиция салады. Бірақ басқару дербес болуы тиіс. Барлық ЖОО-лардың миссиясы бір - ол білім беру сапасын жақсарту. Ал сол оқу орындары бір-бірінен немен ерекшеленеді? Өкінішке қарай, көп жағдайда орналасу жеріне байланысты ғана», - деді ол.

Министр медициналық ЖОО-ларға шетелдік озық университеттермен байланысты нығайту керектігін де атап өтті.

«ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банктен қарыз алды. Займның 35 пайызы, яғни 80 млн доллары отандық медициналық ЖОО-лардың стратегиялық серіктестігін қолдауға бағытталады. Шетелден келген мамандар бізбен бірге қоян-қолтық жұмыс жасауы керек. Сол үшін ақша бөлінеді», - деп қорытындылады Е.Біртанов.

Соңғы жаңалықтар