Элвис Преслидің жеке ұшағы жарты миллион долларға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Рок-н-ролл королі" Элвис Пресли иеленген Lockheed Jetstar жеке ұшағы бәссаудада 430 мың долларға сатылды, деп хабарлады    Associated Press.

Сатып алушы өзінің есімін атаудан және ұшаққа қатысты өз жоспарын айтудан бас тартты. 

Көп жылдан бері лайнер шағын Розуэлле (Нью-Мексико) әуежайында сақталып келді. Ұшақ салоны алтындалған ағашпен, қызыл барқыт креслолармен, сары кілемдермен ресімделген. Интерьерімен әнші өзі айналысқан.

Қазіргі уақытта ұшақтың қозғалтқышы жоқ, ол жөндеуді қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар