Елорданың кезекті «Құрметті азаматтары» аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов «Астана қаласының құрметті азаматы» атағына ұсынылған адамдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elorda.info медиа-ресурсына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, олардың қатарында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы мен қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов, мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС басқарма төрағасы Николай Мещеряков,  профессор, жазушы, Францияның Мемлекеттік кеңесінің құрметті мүшесі Жак Аттали бар.

Қалалық мәслихат депутаттары бұл тұлғаларды аталған атаққа бірауыздан лайық деп тапты. Атақты тапсыру салтанаты Астана күні мерекесіне орай өтеді.

Сессия жұмысына Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сапар Ахметов, Қанат Мусин, Павел Казанцевтер қатысты.

Соңғы жаңалықтар