Елорданың ең үздік еңбек династиялары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада еңбек және отбасылық династиялар арасында өткен «Ұлағатты әулет» байқауының қорытындылары белгілі болды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамына құрмет көрсету, еңбек дәстүрлерін сақтау және нығайтуға бағытталған байқауды Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қарсы қоғамдық жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Байқауға байланыс, пошта, көлік, коммуналды шаруашылық және әскери салаларында көп жылдық тәжірибесі бар отбасылар қатысты. Қазылар алқасы  жеңімпаздарды «Ең талантты отбасы», «Ең тату отбасы», «Ең шығармашыл отбасы», «Ең қуанышты отбасы», «Ең белсенді отбасы», «Ең интеллектуалды отбасы», «Ең мақсатшыл отбасы», «Ең спорттық отбасы», «Ең музыкалық отбасы», «Ең көңілді отбасы» аталымдары бойынша анықтаған болатын.

Осылайша, Стребковтар, Бектасовтар, Тлеубаевтар, Базарбаевтар, Котыревтер, Шишкиндер, Буяковтар, Макарычевтер, Русаиновтар, Спартаевтар әулеттері «Ұлағатты әулет» байқауының жеңімпаздары болып танылды.

Жеңіске қол жеткізген әулеттерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Алдағы уақытта аталмыш байқаудың жеңімпаздары туралы бейнероликтер түсіріліп, осы отбасылармен астаналық колледж, ЖОО-ның студенттері кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар