Елордалық жас актер ресейлік фильмде футболшының рөлін сомдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық 22 жастағы актер Асқар Ілиясов Данила Козловскийдің «Тренер» атты фильміне түсті. Ресей киножоұлдызының  дебюттік режиссерлық жобасы саналатын фильмде жерлесіміз әйгілі футболшының  рөлін сомдаған, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА.

«Данила Козловскийдің «Тренер» фильмі прокатқа шықты. Ондағы басты кейіпкерлердің бірін сомдаған  Асқар Ілиясов Мәскеудегі Б.Щукин атындағы театр интитутының түлегі. Қазір ол Мәскеу академиялық сатира театрында жұмыс істейді», - деп жазады Astana film fund компаниясы Инстаграмдағы парақшасында.

Асқар бұдан бөлек режиссер Ақан Сатаевтің «Бизнесмендер» кинокартинасына түскен. Бұл - 90-шы жылдарда бизнес ашпақ боллған үш достың оқиғасына негізделіп түсірілген фильм. Аталмыш туынды прокатқа 2018 жылдың күзінде шығады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар