Елордалық спортшылар АҚШ-та бессайыстан Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-27 ақпан аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қазіргі заманғы бессайыстан Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Ауқымды шарада еліміздің атынан Астана қаласы әкімдігінің мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшылары Павел Ильяшенко, Владислав Сухарев, Елена Потапенко өнер көрсетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спортшылар соңына дейін тырысып, жарыстың 36 үздік атлетінің қатарынан көрініп, ақтық сынға шықты. Әлем кубогының бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша елордалық спортшылар қолаға қол созды.

Соңғы жарыс күні «MIX» эстафетасы өтіп, Елена Потапенко мен Владислав Сухаревтан құралған команда қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жарыста спортшылар әлем кубогының финалы мен әлем чемпионатына қатысуға ұпайлар жинады.

Соңғы жаңалықтар