Елордалық пойыз қағып кеткен ұлы үшін миллион теңге өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл аудандық соты пойыздың астына түсіп мерт болған адам үшін моральдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарын сәйкес, 2016 жылы 6 тамызда Т. есімді азамат «Қызылорда - Астана» бағытындағы пойыздың астына түсіп, мерт болды. Көліктегі желілік ішкі істер департаменті қылмыстық іске себеп болатын әрекетті анықтаған жоқ. Сондықтан іс тоқтатылған болатын. Ал сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қайтыс болған ер адам қатты мас болған. Соған қарамастан, оның ата-аналары Есіл аудандық сотына арыз түсіріп, 8 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп беруді талап етті.

«Қайғылы жағдай қайтыс болған адамның абайсыздығынан болды. Осыған байланысты сот моральдық шығынды анықтағанда ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабы, 2-тармағын қолданып, қайтыс болған ер адамның ата-аналарына 1 млн теңгені өндіріп алды. Сот шешімі күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар