Елордалық оқушылар Мәскеудегі олимпиададан жүлделі оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-9 қыркүйек аралығында Мәскеуде ірі қалалардың екінші халықаралық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы .  

Интеллектуалды жарысқа әлемнің 36 елінен келген білімділер қатысты. Атап айтқанда - Әбу-Даби, Милан, Ганновер, Гонконг, Тель-Авив, Хельсинки, Чэнду, Ыстанбұл, Бейжің, Рига, Рим, Шанхай, Будапешт, Вена, Иерусалим және басқа да қалалардың оқушылары.

Жалпыкомандалық есепте Астана командасы үшінші орынға ие болды, ол өз алдына Бейжің, Рим, Ганновер, Иерусалим, Әбу-Даби сынды елдерден баса озды. Оқушылар химия, математика, физика және информатика сынды пәндерден өзара сынға түсті. Олимпиада тапсырмаларының күрделілік деңгейі - IPhO физика бойынша халықаралық олимпиадасы мен AphO физика бойынша Азия олимпиадасынан кем емес.

Астана командасын қаланың түрлі мектептерінен 8 оқушы қатысты. Құрама команданың қоржынында 6 қола медаль бар.

Данат Дүйсенбеков (математика), Аян Дәулетияров (математика), Әмірхан Байлин (физика), Арлан Қалин (физика), Дияр Ермек (информатика), Дәнел Батырбек (информатика), Азат Жоламанов (химия) және Нұржан Нұртаев (химия) марапатқа ие болды.

«Біз біздің оқушыларымыз үшін алаңдадық. Әсіресе халықаралық деңгейдегі олимпиада алғашқы болып шыққан Әмірхан Байлин мен Арлан Қалинға жанкүйер болдық. Олар 10 сынып оқушылары. Біздің оқушыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алдағы уақытта олар одан да биік белестерге жетеді деп ойлаймыз», - деді Астана командасының физика пәні бойынша жаттықтырушы Дархан Шадыкүл.

Соңғы жаңалықтар