Елордалық мектепте болған өртке білім басқармасы түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының білім басқармасында №61 мектепте болған өртке түсініктеме берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мұғалімдердің жедел әрі бірлескен әрекеттерінің арқасында ғимараттан уақытында 2000 оқушы шығарылды. Бұл көбінесе бұрын өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижесі. Жану техникалық қызметкерлерге арналған қосалқы орында болған. Зардап шегушілер жоқ», - деп басқарманың баспасөз қызметі мәлімдейді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада №61 орта мектепте өрт болған. Мектеп әкімшілігі өз бетімен 2212 адамды, олардың 2096 баланы өрт сөндіру тобы келгенге дейін шығара алды. Ауданы 10 шаршы метр болатын аумақта жиһаз бен жеке заттар жанған.

Соңғы жаңалықтар