Елордалық альпинистер Еуропаның ең биік шыңын бағындырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының альпинистері әлемнің ең биік шыңдарының бірі - Эльбрусты бағындырды.

Елорда әкімдігі сайтының  хабарлауынша, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шара ағымдағы жылдың 2-16 маусым күндері өтті.
null 

Таудың ең биік шыңына альпинизм спортынан жаттықтырушы Сергей Беляков, «Жігер» спорттық клубы директорының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов және 4 спортшы шықты. Эльбрус - Үлкен Казказ тау жүйесінің солтүстік бөлігінде орналасқан, Европаның ең биік тау шыңы. Биіктігі теңіз деңгейінен  5 642 метр.

Соңғы жаңалықтар