Елордадағы жеңіл рельсті трамвай тәулігіне 150 мыңға дейін жолаушы тасымалдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы жеңіл рельсті трамвай тәулігіне 150 мыңға дейін жолаушы тасымалдайтын болады. Бұл туралы бүгін елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» атты конференцияда қала әкімі Әсет Исекешев.

«Қаладағы маңызды жобалардың бірі жеңіл рельсті трамвай желісін іске қосу болмақ. 22,4 шақырымға созылатын бірінші кезең аясында Астана халықаралық әуежайы, «ЭКСПО» қалашығы, Назарбаев Университет, «Әбу Даби-плаза», Министрліктер үйі және жаңа темір жол вокзалы аралығы байланысады. Жүйеде жабық типтегі 18 станса қамтылып, тәулігіне жолаушылар айналымы 150 мың адамға дейін жетеді»,-деді әкім.

Осы ретте елорданың қарқынды өсуі аясында жеңіл рельсті трамвай жүйесі жолаушыларды жылдам, сапалы әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Айта кетейік, конференция барысында  тұңғыш рет ASTRA көліктік басқару компаниясының жаңа форматы таныстырылады. Ол LTA (Land Transport Authority) - Сингапур, ATM (Azienda Trasporti Milanesi) - Милан, RTA (RoadsandTransportAuthority) - Дубай және осы секілді өзге де компаниялардың қызметіне ұқсас болмақ.

Шара аясында 10-нан аса елдің жетекші сарапшылары мен көлік холдингтерінің басшылары көлік саласындағы стратегиялық жоспарлау қағидаларын, жеңіл рельсті көліктің құрылыс технологияларын, жол ақысын электронды төлеуді енгізудің әлемдік тәжірибесін, ақылды автотұрақты жасаудың, жылжымалы құрамның жаңаруын, оқушылар тасымалын және қалалық такси қызметінің дамуын талқыламақ.

Соңғы жаңалықтар