Елордадағы жастар театрында «Тілеп-Сарықыз» трагедиясының премьерасы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 21 мамырда жастар театры Ж.Сомжүректің «Тілеп-Сарықыз»   трагедиясының  премьерасын өткізеді. Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

ХVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген әйгілі күйші Тілеп Аспантайұлы - қазақтың қоңыр үнді қобызының құлағында ойнаған теңдесіз талантымен ғана емес, аңызға бергісіз талайлы тағдырымен де ел есінде есімі елеулі тұлға.

Атақты Қойлыбай бақсыдан күй үйреніп, талантын шыңдаған Тілептің шығармашылығының шарықтау шыңы - тікелей Сарықыз сұлудың есімімен байланысты. Киелі қобыз үні табыстырған қос ғашықтың арманда кеткен келте бақыты қаншалықты қасіретті болса, бірін-бірі құлай сүйген кіршіксіз сезімі соншалықты аяулы. Киелі аспаптың қоңыр үнінен тамыр тартар өлмейтін махаббат һәм келер ұрпақ үлгі тұтар тектілік - Тілептің  Сарықызға арнаған ғажайып күйі болып, ортамызға оралып отыр. 

Соңғы жаңалықтар