Елордадағы үлескерлерді қолдау орталығына 150-дей адам барған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы үлескерлерді қолдау орталығына 150-дей адам барған, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .

Астанада Үлескерлерді қолдау орталығы тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Азаматтарды прокуратура, қалалық ІІД, Мемлекеттік кірістер департаменті, Әділет департаменті, сәулет-құрылыс бақылау және жер қатынастары басқармасының өкілдері қабылдайды. 

Бұл орайда «Алматы» ауданының прокуроры Бірлік Бірімқұл орталықтың мамандары қандай түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтып берді.

«Орталықтың қызметкерлері өтініштерді қабылдап, оған жедел түрде жауап беріп, қажет болса әрекет етеді. Азаматтарға нысандардың құрылысы жөнінде, сондай-ақ тұрғын-үй құрылысында үлескерлікпен салу саласында қылмыстық істердің қарастырылуы туралы ақпарат береді», - дейді прокурор.

Бірлік Бірімкұл атап өткендей, Астана қалалық Ішкі істер департаменті жанындағы орган қылмыстық-процессуалды заңнаманың нормаларын түсіндіреді, қылмыстық істердің қай кезеңде екенін айтады.

Айта кетейік, қысқа мерзімге қарастан орталық жұмысының оң нәтижесі бар.

«Орталық ашылғаннан бастап біз 140 үлескерді қабылдадық, оларға тұрғын-үй, азаматтық және қылмыстық заңнаманың нормалары түсіндірілді», - деді Бірлік Бірімкұл.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта үлескерлерді қолдау орталығы «Сарыарқа» ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан. Орталық аптасына 3 күн: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейді. Өтініштер көбейсе орталық адамдарды қабылдау уақытын сағат 18.00-ге дейін ұзарту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар