Елордадағы «Медина» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Медина» тұрғын үй кешеніндегі пәтер өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, Ақан сері көшесі бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің төртінші қабатында орналасқан пәтердің бірінен өрт шықты. Қазіргі кезде арнайы техникамен келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Сонымен қатар оқиға орнына полиция қызметкерлері де тартылды.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:39 кезінде «Медина» тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтердің бірінде 5 шаршы метр аумақта үй заттары жанып жатқанын анықтады.

Жедел әрекеттің нәтижесінде құтқарушылар тілсіз жауды сағат 11:09 кезінде ауыздықтады. Жалпы өрт сөндіруге жеке құрамның 12 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды.

«Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде қызыл жалынның таралуы себебі анықталуда», - делінген ТЖД хабарламасында.

null null

null null

   
Соңғы жаңалықтар