Елордадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Магнум» сауда орталығына Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізбек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қалада үш «Магнум» бар. Оның екеуі Алматы, бірі Сарыарқа ауданында орналасқан. Біз қазіргі уақытта пәрмен беріп қойдық. Сарапшыларымыз ертең түске дейін қажетті ақпараттарды алады. Ертең олар арнайы «Магнумға» барып, бәрін өз көзімен көретін болады», - дейді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне телефон арқылы түсінік берген Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Мейрам Молдашев.

Тексеріс жүргізуге әлеуметтік желіде тараған сурет себеп болып отыр. Суретте сауда сөресіндегі сырты қарайған мандариндер анық көрінеді. Онда «Жаңа жыл кезінде «Магнум» шіріген мандаринді саудалады» деп жазылған.

Мейрам Молдашев сонымен бірге, тұрғындарға әлеуметтік желіде наразылықты білдіре бермей, нақты шағымды Комитетке жазуға шақырды.

«Біз өзіміз дүкенге барып, тексеріс жүргізе алмаймыз. Тұтынушылардан нақты шағым келіп түсуі керек. Прокуратураның рұқсатынсыз дүкенге кіре салып, тексеруді бастай алмаймыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар