Елордада жыл соңына дейін 40-тан астам «ақылды» бағдаршам орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жыл соңына дейін бейімді басқару жүйесі бар 42 бағдаршам орнатылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.

«Қазіргі таңда Сарыарқа, Тұран даңғылдарындағы және Сарайшық, Сығанақ, Мәңгілік ел, Қонаев, Достық көшелеріндегі  53 бағдаршамға ITS  жүйесі орнатылған. Биыл тағы 42 бағдаршам нысанын қосу жоспарда бар. «ЭКСПО-2017» көрмесі басталғанға дейін Нәжімеденов, Қошқарбаев, Байтұрсынов көшелеріндегі бірнеше бағдаршам бейімді басқару жүйесіне қосылатын болады», - дейді ведомстводан.

Басқармада атап өткендей, ITS жүйесі аясында Қозғалысты басқару орталығы құрылады. Бұл арқылы қажет болған жағдайда, қашықтан бағдаршамдардың жұмысын басқаруға мүмкіндік туады. Орталықтың операциялық қызметін «Астана LRT» ЖШС операторлары мен әкімшілік полиция инспекторлары бірлесіп жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар