Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері қалада жастар саясатына қатысты 59 жоба жүзеге асырылды. Оның 34  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орындалды, деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асхат Оралов мәслихаттың әлеуметтік-мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

«Аталған жобалар аясында 350 жуық шара өткізіліп, 75 мың жас қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жастар арасында кең танылған Facebook мен Instagram әлеуметтік желілері мен ақпараттық порталдар арқылы да жүргізіліп келеді. Мұндағы ауқымды қоса алғанда 5 млн жуық адамды қамтып отыр», - деді А.Оралов.

Оның айтуынша, 2016 жылы басқармамен 45 жоба жүзеге асырылған (оның 24 мемлекеттік жекеменшік тапсырыс шеңберінде).

«Ағымдағы жылы өткізілген шаралар 2015 жылмен салыстырғанда (150 іс-шара) екі есеге атты», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астанада 14 жоғары оқу орны, 35 колледж бар. Бұл білім мекемелерінде 78 062  жас оқып жатыр.

Бұған қоса мәслихат отырысында белгілі болғандай елордада жастар мәселесімен айналысатын 70-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бүгінгі күні оның небәрі 27 пайызы белсенді жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар