Елордада жаңадан 3 көпір салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көлік кептелісін реттеуге септігін тигізетін 3 жаңа көпір салынады. Ол Есіл өзені мен Нұра Есіл каналының бойында - Тәуелсіздік және Хусейн бен Талал көшелерінде орналасады. Ал жол 8 жолақты болады, деп жазады «Хабар 24».

Бұл өз кезегінде жаңа теміржол вокзалынан әуежайға дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни тұрғындар қаланың орталық бөлігін айналып өтеді. Қалалық автокөлік жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, жаңа көпір 2,5-3 жылдан кейін қолданысқа беріледі. Құрылысқа 20 млрд теңге бөлінген. Сала мамандары сондай-ақ сырт көзге ешқандай кем-кетігі байқалмайтын көшелерді неге жамай беретінін түсіндірді.

«Кейбір көлік жүргізушілері көшедегі шұрқ тесіктерді байқамайды. Кейіннен ол үлкен шұңқырға айналады. Егер тесік болса, жаңбырдан кейін ол міндетті түрде көктемде шұңқырға айналады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін мен сол көшелермен жүріп өтіп, байқап қараймын. Теп-тегіс асфальтқа ешкім тиіспейді», - дейді  қалалық автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі  Асхат Қарағойшин. 

Соңғы жаңалықтар