Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дзюдодан республикалық турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Болат Мырзағалиұлының мерейтойына орай дзюдодан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирге әр командадан 5 дзюдошыдан 5 салмақ дәрежесінде қатысады. Олар: 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг және + 90 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы естелік бұйымдармен қатар, қомақты қаржылай сыйақылар табысталады. Жарыс «Жас батыр» спорт кешенінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар