Елордада Smile Astana байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 маусымда «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы «Бақытты бейне, күміс күлкі» байқауының онлайн дауыс беру аяқталды.

null
Байқау жеңімпазының үздік фотографиясы мен эскиз-идеясы жарнама конструкцияларында, Астанадағы LED-экрандарда, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Одан кейін жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы мерекелік шараларда безендендіруге пайдаланылады және өткізу барысында брендбуктарда қолданылады.
null 

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, байқау нәтижесінде guzya_kaldybekova 37,4% дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Zhanar_notes 34,6% жинаса, yergalieva_aigerim - 18,9%, mikatumen - 9,1%.
null 

Дауыс беруге 7 570 қолданушы атсалысқан.

Соңғы жаңалықтар