Елордада өтетін Eurasia кинофестиваліне Голливуд жұлдыздары келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін Eurasia халықаралық кинофестиваліне Голливуд жұлдыздары келеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кинофестивальге танымал Голливуд актерлері келеді. Дегенмен ол нақты кімдердің келетіндігін әзірше айта алмайтындығын атап өтті.

«Шақырылғандардың қатарында халықаралық деңгейдегі «А» санатындағы жұлдыздар бар. Біз кестелерді қарастыру үстіндеміз. Оларды шақыру өте қиын. Бірақ, қазіргі уақытта олармен келіссөздер жүруде. Біз олардың келетіндігіне сенімдіміз», - деді Алмаз Нұразхан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кинофестиваль аясында байқау және конкурстан тыс бағдарлама, инвесторларға арналған кино жобалардың таныстырылымы, дөңгелек үстел мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, Eurasiа кинофестивалі елімізде 1998 жылы құрылған болатын. Фестиваль негізінен Алматы қаласында өтеді. Дегенмен, 2008 жылы ол Астана қаласында да бір рет өткен еді.

Соңғы жаңалықтар