Елордада өрт оқиғаларының саны азайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері он айдың ішінде Астана қаласында 564 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға кем деп хабарлайды, елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін «Жылыту маусымының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты барысында өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторларынан шығатыны айтылды.

«2016 жылы өрт салдарынан 2016 жылы 16, биыл 9 адам (үшеуі - балалар) қаза тапқан. Он айда 68 адам зардап шеккен. Өрт оқиғалары көбіне жеке тұрғын үй секторында болады. Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі бөлігі жер тұрғын үй секторына тиесілі. Дәлірек айтқанда, өрт оқиғаларының жалпы санының 54,4%-ын құрайды», - деді Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Мұрат Мадыбеков.

Оның деректеріне қарағанда, Қазақстанның бас қаласында өткен жылмен салыстырғанда газдан улану оқиғаларының да саны 27, 6% -ға азайған.

Өрт оқиғаларының санын азайту, оларды болдырмау мақсатында Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды аралап, рейд, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Еркін Отарғалымның айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жыл басынан жеке тұрғын үй секторындағы 39 925 ауланы аралаған.

«Тұрғындармен 290 кездесу өткіздік. Аталмыш жиналыстарға барлығы 6204 адам қатысқан болатын. 3431 адам қатысқан 327 нұсқаулық шарасы, 9286 адамның қатысқан 359 шара өтті. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылды. Департамент жүргізіп жатқан жұмыстар есепке алына отырып, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың санын азайтуға бағытталған барлық қажетті шаралар алдағы уақытта да қабылданатын болады», - деп түйіндеді сөзін Еркін Отарғалым.

null 

Соңғы жаңалықтар