Елордада өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өнеркәсіп өндірісі 7,2 пайызға өсіп 426,1 млрд теңгеге жетті. Оған машина жасау мен металлургия саласы және индустрияландыру картасы жобалары жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік өндіріс саласының негізгі тауарлары құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, резина бұйымдар және басқа да түрлер.

Астана экономикасына 778,4 млрд теңге инвестиция тартылған, соның ішінде шетел инвестициясы 3,6 есеге артқан.

Биыл 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашатын, жалпы құны 17 млрд теңге тұратын, 7 жаңа индустриялық жоба пайдалануға беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар