Елордада өгей әке ұлын ұрып тастаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өгей әке ұлын ұрып тастаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елорда қалалық сотына сілтемемен.

Ер адам асыранды баланы өз үйінде сабаған.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жапа шегушінің денесінде соққы іздері бар. Бұл денсаулыққа жеңіл зақым келтіру болып саналады», - делінген хабарламада.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен тұрғын ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы, 1 тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Фото: smolensk-i.ru

Соңғы жаңалықтар