Елордада қылмыс көрсеткіші төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың тамыз айындағы жедел қызмет шараларының қорытындысы көрсеткендей, елордалық полицейлердің күшімен жергілікті органдардың қолдауымен қалада тұрақты жағдай қамтамасыз етілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қылмыс деңгейі қалада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді. Ведомство мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда бұл 18%-ға төмен.

Төменде қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуі пайыздық мөлшерде көрсетілген:

Аса ауыр қылмыс (-28,2%), ауыр қылмыс (-8,5%), ауырлығы орташа қылмыс (-13,2%), аса ауыр емес қылмыс (-38,1%), өліммен аяқталатын оқиғалар (-32,4%), зорлау жағдайлары (-30,5%), қарақшылық (-24,3%), тонау (-15,7%), алаяқтық (-36,9%), ұрлау (-15,0%),оның ішінде пәтер ұрлығы (-4,9%), көлік ұрлығы (-50,0%), қарақшылық (-9,0%), есірткіге қатысты (-16,9%), көліктерді айдап әкету (-28,4%), сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс көрсеткіші (-6,1%), топтық қылмыс (-11,8%), қоғамдық жерлерде (-2,2%) және көшелерде (-19,0%).

Айта кеткен жөн, Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында құқықтық бұзушылықтарға қоғамда "нөлдік төзімділікті" қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Астана қаласының ІІД xабарлағандай, жыл басынан 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 3 296 фактісі ұсақ бұзушылық, 4 967 - тыныштықты бұзу, 13 879 - алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық жерлерде мас күйде жүру, 12 243 - белгіленбеген жерлерде темекі шегу, 17 226 - абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары, 1 331 - қоғамдық жерлерде адамдардын мазасын алу. 199 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар