Елордада қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетеді
30 тамыз Конституция мерекесін тойлау аясында Астанада көптеген мәдени-бұқаралық шаралар мен концерттер өтеді.
11:00-де «Арай» саябағында Амфитеатрдың салтанатты ашылуы болады.
17:00-ден 19:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты гала-концерт өтеді.
18:00-ден 23:00-ге дейін әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған концерт болады.
Сондай-ақ, 18:00-ден 23:00-ге дейін әкімдік ғимаратының алдындағы қалалық алаңда (Бейбітшілік көшесі 11) және «Бәйтерек» монументінің алаңында қазақстандық әртістердің қатысуымен мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұсынылады. Жиналғандарға көпшіліктің сүйікті орындаушылары Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Шахризат, Ринат Мальцагов, Күләйім Қайырбаева және тағы да басқа әртістер өнер көрсетеді.