Елордада қазақ күресінен ұлттық құрама шеберлік сабағын өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы "Бастау" спорт кешенінде сағат 10:00-12:00 аралығында қазақ күресінен ұлттық құрама шеберлік сабағын өткізеді.

Ұлттық құрамада Мұхит Тұрсынов, Әйбек Нұғымаров, Қасымхан Түленбай, Руслан Әбдіразақов, Александр Косачев, Бекзат Ахметбеков, Әділжан Ыстыбаев, Саят Шәмшиев сынды Еуропа, Азия және әлем чемпиондары мен әлемдік спорт шеберлері бар. 

Белгілі спортшылар  самбо, дзюдо және басқа күрес түрлерінен қазақ күресінің айырмашылығын айтып, қазақ күресінің қарапайым әдістерін көрсетеді. Сонымен қатар, қазақ күресімен қайда және қалай жаттыққан дұрыс деген сұрақтарға кеңінен жауап береді. 

Шара қазақ күресінен әлем чемпионаты аясында өткізіледі. 
 
Еске саламыз, 2017 жылдың 27-29 қазан күндері Астанада Qazaq Kuresi World Championship өтеді. Чемпионатқа  АҚШ, Қытай, Аустралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун және тағы басқа 40 мемлекеттен танымал палуандар келеді. 

Соңғы жаңалықтар