Елордада қайдағы жоқ, қирағалы тұрған үйге қомақты ақша сұрайды - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы қирағалы тұрған ескі үйлерді қалдық құнымен сатып алып, сүру қажет. Бұл туралы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың өз заңы болуы тиіс. Астана туралы заңда барлығы жазылуы керек. Астанадағы мәселелерді шешу үшін нысандарды қалдық құны бойынша сүріп тастау қажет. Қайдағы жоқ ескі, қирағалы тұрған үйге бағаны шарықтатып, сол арқылы пайда тапқылары келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы ЭКСПО аумағындағы қирағалы тұрған үйлердің суретін көрсетті.

«Қараңдаршы, тура қаланың ішінде. Мен де өтіп бара жатып көремін. Проблемалар да бар шығар. Қабанбай батырмен өтіп бара жатқанда, көпірге таяу тұста оң жағында 20 жыл тұрған үй бар. Әлі тұр. Ешкім сүріп тастай алар емес. ЭКСПО аумағындағы саяжай алаптары да бар. Әрине, бұл ретте мәселелер де бар. Бағаларын шарықтатып қойып отырған шығар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар