Елордада қала ішіндегі темір гараждар алынып тасталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада аулалардағы металл гараждарды алып кету басталды. Бұл жайлы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

«Аулалардағы темір гараждарды алып тастап жатырмыз, олардың иелері балалар алаңқайлары және қоғамдық орындарды заңсыз иеленіп алған», - дейді А. Тұрлыбек.

Бұдан тыс, аудан әкімі тұрғындарды жарнама орналастыру ережелерін сақтауға және жеке секторда құрылыс қоқыстарын тастамауға шақырды.

«Заң талабы бар, ереже бар! Жарнаманы сәулетке сай етіп орналастырыңыздар! Ал жеке сектордың тұрғындары, өтініш, құрылыс материалдарын көпшілік орынға емес өз аулаңызға жинаңыздар! Қаламыздағы тазалық өзімізден басталады», - деді аудан әкімі.


Фото: domoscope.com

Соңғы жаңалықтар