Елордада асық атудан жарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері арасында Асық ату ұлттық спорттық ойынынан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа министрлік құрамына кіретін комитеттер мен департаменттердің командалары қатысты.

Спорт саласының қызметкерлері арасында өткен сайыс өте тартысты өтті. Спорт комитетінің екі командасы 2 ойында тең түсіп, тек 3-ші ойында ғана бір асық айырмасымен шын мықты анықталды.
null

Бас сарапшы Мұxамеджан Бекназаров пен басқарма басшысы Ермек Жусанов жеңіске жетіп бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды Министрдің орынбасары Сәкен Мұсайбеков пен комитет төрағасының орынбасары Асқар Есімовтердің командасы иеленді, үшінші орынды Тілдерді дамыту комитетінің командасы еншіледі.
null

Айта кетер жайт, алдағы уақытта министрлік басшылығы ұжым арасында спорттың тағы да бірнеше түрінен тұрақты жарыстарды ұйымдастыруды қолға алмақшы.
null

Мұндағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал асық ату - көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны.

null

Соңғы жаңалықтар