Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Елордада апатты үйлерден 1 863 отбасы көшіріледі

Елордада апатты үйлерден 1 863 отбасы көшіріледі
2017 жылғы 15 қараша 18:42 495

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Биыл елордада 111 апатты жағдайдағы үйлерде тұратын 1 863 отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланған, деп мәлім етті қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

Қазіргі таңда 98 төтенше жағдайдағы үйде тұрып жатқан 1 425 отбасы көшіріліп жатыр.

«Елорада апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба зор әлеуметтік маңызға ие және тұрғындардың баспанасын жақсартуға бағытталған», - деді Р.Ахметов.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде кешенді тексеру нәтижесінде қаладағы 228 нысан апатты деп танылды. Осы жылдың басында 117 апатты үй бұзылды. Қазіргі күні 98 үйде тұратын шамамен 1,5 мың отбасыны көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған тозығы жеткен 13 үйдің тұрғындары нысандардың тапсырылуына қарай жыл соңына дейін көшіріледі. 

Қанатқақты жобаның шартына сәйкес Астана әкімдігі апатты үйлерді күреп, оның орнына баспананың ауданына сәйкес жаңа тұрғынжай береді. Көшіру кезінде пәтердің ауданымен бірдей баспана ұсынылады. 

«Бұл жағдайда апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшіру кезінде отбасы мүшелерінің саны мен төтенше жағдайдағы үйдегі бөлме саны есепке алынбайтынын ескеруі керек», - деді Р.Ахметов.

Инженерлік желілері мен құрылыс конструкторлары тозған, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер күреледі.

Елорданың бас жоспары мен Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес күрелген үйлердің орнына саябақ, гүлзар мен бульварлар құрылысын жүргізу көзделіп отыр. 

2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй күреліп, 1 570 отбасы жаңа әрі жайлы баспанаға көшірілді.

 

 

Басты сөздер: Астана, Тұрғын үй,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер