Елордада 7 мамырға байланысты автобус бағдарлары өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери техникаларлың қатысуымен өтетін 7 мамырдағы әскери шеруге дайындыққа байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл жайында Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сонымен 11 бағдардың қозғалыс сызбасына өзгерістен енгізіліп отыр. Олар мыналар:

1. №2 бағдар «Промышленный» ТК» бастапқы аялдамадан бастап Б.Момышұлы даңғылымен Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары Қ.Сәтбаев көшесіне оңға бұрылып, Б.Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы арқылы жүреді. Одан кейінгі қолданыстағы бағдар бойынша қатынайды. Кері бағытта дәл осы бағдармен жүреді.

2. №3 бағдар «Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Жирентаев пен Петров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін Петров пен Сәтбаев көшелерінен, Момышұлы мен Жұмабаев даңғылдарына солға бұрылып «Сарайшық» ТК» соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері бағытта дәл осы бағдармен қатынайды.

3. №4 бағдар «Көктал-2» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан бастап Сәтбаев пен Майлин көшелеріне дейін өзгеріссіз, одан кейін Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы күйші Дина көшелерімен Сәтбаев көшесіне солға бұрылады да мұнан ары қолданыстағы бағдармен қатынайды. Кері бағытта осы бағдармен жүреді. Шартты түрдегі соңғы нүкте Тәуелсіздік даңғылындағы «Шарль де Голль көшесі» аялдамасы.

4. №14 бағдардың соңғы аялдамасы Тәуелсіздік даңғылындағы «Гранд Астана» ТК-ден Ақыртас көшесіндегі «Қараөткел» тұрғын үй алабы аялдамасына уақытша ауыстырылады.

5. №19 бағдар
«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Сәтбаев-Майлин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылымен тура, одан ары қолданыстағы бағдар бойынша жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

6. №21 бағдар
«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Қонаев көшесі мен Мәңгілік ел даңғылына дейін өзгеріссіз, одан кейін солға бұрылып, Шалқыма көшесі Шарль де Голль көшесі Тәуелсіздік даңғылы Майлин көшесі Жұмабаев даңғылы арқылы жүріп, Жұмабаев көшесімен «Сарайшық» ТК» соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

7. №26 бағдар
«Астанаинерт» бастапқы аялдамадан Петров пен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары Сәтбаев көшесімен «Қараөткел» тұрғы үй алабы соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

8. №29 бағдар «Күйгенжар» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан Айнакөл көшесі мен Жұмабаев даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары оңға бұрылып Жұмабаев даңғылы Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі Шалқыма көшесі Қонаев көшесімен жүреді. Мұнан арғы бағдары өзгеріссіз қалады. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

9. №32 бағдардың
Тәуелсіздік даңғылындағы «Ж.Нәжімеденов көшесі» соңғы аялдамасы Мәңгілік ел даңғылындағы «Министрліктер үйі» аялдамасына уақытша ауыстырылады. Кері бағытта Мәңгілік ел даңғылы Достық көшелерімен одан ары қолданыстағы бағдармен жүреді.

10. №40 бағдар «Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамаданТәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшелеріне дейін өзгеріссіз, одан ары Шарль де Голль, Шалқыма көшелеріменн Мәңгілік ел даңғылына түсіп, қолданыстағы бағдармен қатынайды. Кері бағытта дәл осы сызбамен жүреді.

11. №61 бағдар «Теплотранзит» бастапқы аялдамада Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесі қиылыстарына дейін өзгеріссіз, Шарль де Голль, Шалқыма көшелеріне түсіп, одан ары қолданыстағы сызба бойынша қатынайды. Кері дәл осы бағытта қатынайды. 7 мамыр күні ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери техникалардың қатысуымен өтетін әскери шеру кезінде таңертеңгі сағат 6-дан түскі 3-ке дейін 4 бағдардың қозғалысына өзгеріс енгізіледі.

12. №15 бағдар «Железнодорожный» тұрғын үй алабы соңғы аялдамадан бастап Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз одан кейін оңға бұрылып Сәтбаев көшесі Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі Шалқыма көшесі Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

13. №51 бағдар
«Ақмола облыстық №2 аурухана» бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып. Сәтбаев көшесі Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі Шалқыма көшесі Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

14. №56 бағдар «Промышленный» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып. Сәтбаев көшесі Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі Шалқыма көшесі Мәңгілік ел даңғылы арқылы қатынайды.

15. №101 бағдар «Ақмола облыстық №2 аурухана» бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып. Сәтбаев көшесі Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі Шалқыма көшесі Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

Соңғы жаңалықтар